Сенбі, 18 Қаңтар 2020

 https://budget.egov.kz/material/material?id=803442&govAgencyId=3564

2019 жылы облыстық бюджеттен 001 "Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер" бағдарсы бойынша 61 322 ,0 мың ақша қаражаты бөлінген. Бұл бағдарлама басқару аппаратын 18 штаттық бірлігін және 5 техникалық персоналды ұстауға бағытталған.  

010 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бағдарламасы бойынша 414 ерекшелігі бойынша 2 500,0 мың теңге бөлінді.  

003 «Жер қатынастарын реттеу» бағдарламасы бойынша кадастрлық карта бөлігінде мемлекеттік жер кадастры бойынша мәліметті ұсынуға 7 062,0 мың теңге бөлінді.

Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының аумақтық (облыстық) кеңістіктік деректер базасын қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстарына 508 937,0 мың теңге бөлінді.

011 «Облыстық бюджеттерге мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» 2019 жылға Алматы облысы бойынша «Алматы-Бішкек» «БАКАД» автомобиль жолдарының құрылысына мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерінің сатып алу үшін республикалық бюджеттен 532 658,0 мың теңге бөлінді.

Бөлінген қаражатқа тәуелсіз бағалаушы компаниялардың есептеріне және сот органдарының шешімдеріне сәйкес жолдардың құрылысына түсетін жер учаскелерінің иелерімен келісім шарттар жасалып, жер учаскелерінің және онда орналасқан мүліктің құны өтелді. Оның ішінде:

«Алматы-Бішкек»автомобиль жолының құрылысына түсетін 14 жер учаскесі 404 688,0 мың теңгеге сатып алынды.

«БАКАД» автомобиль жолдарының құрылысына түсетін 3 жер учаскесі 127 970,0 мың теңгеге сатып алынды.

Жоспарланған іс-шаралар нәтижесінде бюджеттік бағдарламаның келесі түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу жоспарланған:

-штаттан тыс қызметшілерінің қызметін қамтамасыз ету, еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер, салық аударымдары, іс сапар шығындарын төлеу;

- сенсорлық LCD панелін сатып алу;

- сандық кеңістіктік ақпараттың болмауы, рұқсат беру рәсімдерінің өту айқындығы мен қиындығы проблемасын шешу.

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту.

-мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен ішкі бизнес-үдерістерін оңтайландыру

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және қызмет алушының мемлекеттік қызметшілермен тікелей өзара іс-қимылын төмендету.

- мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың қызметкерлеріне жүктемені төмендету.

- «Алматы-Бішкек» және «БАКАД» автомобиль жолының қайта құруына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару және жер учаскелерін меншік иелеріне өтемақы құнын төлеу.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

- басқарманың штаттағы қызметшілерінің қызметін қамтамасыз ету, еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер, салық аударымдары, іс сапар шығындарын төлеу;

- қаржы жылына жоспарланған бюджеттік қаражаттардың 100% -ға игерілуін қаЖобаны іске асыру құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, топотүсірілім беру, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. бойынша онлайн қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқартылады деп күтілуде қамтамасыз ету;

- соттың шешіне сәйкес және бағалаушы компаниялардың есептеріне сәйкес мемлекет мұқтаждар үшін жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің құны өтелді.Жер учаскелерін мемлекеттік меншікке рәсімдеу. Оның ішінде сот шешіміне сәйкес 1 жер учаскесі, келісімшарт негізінде 16 жер учаскесі сатып алынды.

5.12.19